
Павлодар облысы ПД бастығы Василий Склярдың атына Ленин ауылының тұрғыны Жанаргүл Ысқақовадан алғыс хат келіп түсті.
- Павлодар облысы ПД бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровқа жылы қабылдағаны және қолдағаны, ауыл полиция қызметкерлерінің жұмысын жақсарту бойынша атқарған жұмысы, атап айтқанда, мобильді пункт орнатқаны, тұрғындардың қауіпсіздігі бойынша қызметкерлер штатын толықтырғаны үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Қарапайым халыққа деген таза адами қарым-қатынасы үшін шынайы қолдау сөздері үшін ризамыз.
Шын жүректен болашақ мансаптық өсуді, туған-туыстарына денсаулық тілейміз.
Павлодар қаласының полиция қызметкерлерінің қолдау көрсету мен көмек сұрап келген адамдарға адал жұмыс пен шынайы, мейірімді қарым-қатынасқа тағы да көз жеткіземіз. Қиын, кейде қауіпті және жауапты жұмысыңыз үшін рақмет!