ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Балалардың қуанышы - бұл ең жақсы марапат

Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровтың атына алғыс хат келіп түсті.

- Павлодар облысының әскери-патриоттық тәрбие қауымдастығы Павлодар облысы Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамын Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтайды және сіздерге Павлодар қаласында Балаларды қорғау күнін өткізу кезіндегі жемісті ынтымақтастық үшін шынайы алғыс пен терең ризашылық білдіреді. Сіздің қолдауыңыздың арқасында Павлодар облысының аз қамтылған отбасыларынан шыққан ондаған бала, мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жетім балалар ертеңгі күнге сенімділікке және азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың қолдауына  ие болады.

Балалар мерекесін өткізуге белсенді қатысқан келесі қызметкерлеріңізді атап өтулеріңізді сұраймыз: полиция полковнигі Павлов Павел Николаевич, полиция подполковнигі Шәріпов Ринат Мұхитұлы, полиция подполковнигі Бравко Евгений Анатольевич, полиция подполковнигі Киреев Алдияр Нұрмұхаметұлы, полиция майоры Әлжанов Ержан Қайратұлы, полиция капитаны Құсембеков Фаруз Фатихұлы және полиция сержанты Қабиев Дархан Ермұратұлы.

Қызметте жаңа биіктерге жетуіңізді тілейміз. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу, оның ішінде әскери-патриоттық тәрбие мәселелеріндегі ынтымақтастықтың одан әрі жалғасатынына сенімдіміз – делінген хатта.

Өз кезегінде Павлодар облысының полицейлері көп балалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету – игі дәстүр. Бұл  жерде балалардың қуанышын көру  - өмір сүруге тұрарлық нәрсе екенін атап өтті. Сондай-ақ көп балалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету бойынша осындай акциялар алдағы уақытта да жалғасатын болатынын жеткізді.

 

 

Дата публикации
08 июля 2022
Дата обновления
08 июля 2022
Тип

Сейчас читают

10 сентября 2026
Рахмет, полиция!
07 сентября 2026
Кәсібилігі үшін алғыс
Ақпарат
03 сентября 2026
Кезекті аттестаттауға жататын Павлодар облысы Полиция Департаменті қызметкерледің тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы