
Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына "First Heartland Jusan Bank"АҚ өңірлік басшысынан алғыс хат келіп түсті.
– Біз Павлодар қаласы ПБ Орталық полиция бөлімінің аға тергеушісі Мария Пугачқа банктің ақша қаражатын ірі жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде көрсеткен жоғары кәсібилігі үшін үлкен алғысымызды білдіреміз және шын жүректен алғыс айтамыз.
Өз кәсібіне адал полиция қызметкерлерінің арқасында азаматтарымыздың конституциялық құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз етіледі, қоғамдық тәртіп сақталады, – деп атап өтті алғыс хатында.