
Павлодар облысы Полиция департаменті бастығы Василия Скляр атына зейнеткер Елена Коваленкодан алғыс хат келіп түсті.
– Орталық полиция бөлімі полиция инспекторы капитан Бауыржан Досымжановқа алғысымды білдіргім келіп отыр. Ол Қайырбаев көшесі, 72 үйінің учаскесінде қызмет көрсетеді. Жұмысына бей-жай қарамай, зор ықыластығы және қызметтік борышыңызды адал атқарып жүргеніңіз үшін рақмет. Мен қиын жағдайға тап болған кезде көмекке келгеніңіз үшін алғысым шексіз. Сізге менің өтінішіме түсінушілікпен қарағаныңыз үшін ризамын, – деп хатта жазылған.
Зейнеткер Бауыржанға денсаулық, жұмыста табыс, отбасы амандығын тіледі.