
Павлодар облысы Полиция департаменті бастығы Василий Скляр атына Павлодар қаласы тұрғыны Андрей Валерьевич Командиннен ПБ Орталық полиция бөлімі учаскелік инспекторы Дулат Монтаевқа алғыс білдірген хат келіп түсті.
"Жеке ісіне кіргізе отырып, Сізді полиция аға лейтенанты Дулат Талапұлы Монтаевқа алғыс білдіруіңізді сұраймын. Ағымдағы жылдың 22 мамырында мен куәлік тауып, учаскелік полиция қызметкеріне қоңырау шалдым. Ол жедел келіп, жеке куәліктің иесін іздеуге шаралар қабылдады және де көз алдымда оны оған тапсырды.
Алдағы уақытта да полиция қызметкері келіп түскен өтініштерге жедел ден қояды деп үміттенеміз. Павлодар облысы Полиция департаментінің барлық жеке құрамына және учаскелік полиция қызметкерлеріне зор денсаулық пен табыс тілеймін", — делінген хатта.
Полиция департаментінің басшылығы полиция қызметкерлерінің жұмысы туралы тұрғындардың пікірі мен полицейлерге алғыс білдіргенін ризашылықпен қабылдайды.