ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

"Ағамды табуға көмектесті": учаскелік инспекторға алғыс білдірді

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына үнемі алғыс хаттар мен  оң пікірлер келіп тұрады.

Кезекті хат  Ертіс ауданы Майқоңыр ауылының тұрғынынан келіп түсті. Өз хатында Аралов Оразғалы учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Нұрғалиев Семейханға алғыс білдіреді.

- 2022 жылдың 23 мамырында сағат 21: 30-да мен жұмыстан үйге келгенде,  58 жастағы үлкен  ағамның жоқ екенін білдім. Қатты уайымдадым, өйткені ағам нейропсихиатриялық диспансерде есепте тұр, жоғалып кетуі әбден мүмкін, ал алысқа кетсе, ол жолды ұмытып қалып үйдітаба алмауы мүмкін еді. Уақыт созбай мен дереу  ауыл ішінен өзім іздей бастадым, бірақ бұл әрекетім  сәтсіз болды, оны ауыл тұрғындарының ешқайсысы көрмеген болып шықты. Кейін учаскелік полиция инспекторына жүгіндім,-деді ауыл тұрғыны. Майор Нұрғалиев Семейхан жақын маңдағы барлық ауылдарға бағдар берді, барлық мал бағу орындар мен фермерлік шаруашылықтарды аралап іздей бастады. Одан кейін Семейхан "Русская-Поляна - Ленинский кенті" автожолына шығып, Ағашорын мен Ұзынсу ауылдарының аралығында, тас жолмен кетіп бара жатқан жерінен

 ағамды тауып алды ,- деп жазады Оразғалы Аралов.

Полицейге алғысын білдіре отырып, ол учаскелік инспекторға мықты денсаулық және  қызметіне табыс тіледі.

 

Дата публикации
25 мая 2022
Дата обновления
25 мая 2022
Тип

Сейчас читают

10 сентября 2026
Рахмет, полиция!
07 сентября 2026
Кәсібилігі үшін алғыс
Ақпарат
03 сентября 2026
Кезекті аттестаттауға жататын Павлодар облысы Полиция Департаменті қызметкерледің тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы