
Полиция департаментінің бастығы Василий Склярға үнемі алғыс хаттар, полиция қызметкерлеріне оң пікірлер келіп тұрады.
Кезекті хат Екібастұз қаласының тұрғынынан келіп түсті. Шаймерденов Жұматай өз хатында Екібастұз қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының инспекторлары полиция аға лейтенанттары Қатбен Жеңіс пен Елемесов Сұңғатқа көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреді.
Жүргізушінің айтуынша, 2022 жылғы 14 мамыр күні олар жарыстан кейін Павлодардан Екібастұзға оралған. Көлікте 9 адам, оның ішінде 6 бала болған. Қалқаман кентінің маңында жүргізуші көліктің ақаулығынан тоқтап қалуға мәжбүр болды, оны сол жерде жөндеу мүмкін болмады. Полицейлер ойланбастан микроавтобусты тіркеп, Екібастұзға дейін сүйреп жеткізді. Балалар үйге аман - есен жетті.
Полиция қызметкерлеріне қызметі үшін рахмет. Оларға зор денсаулық және қызметтеріне табыс тілеймін, - деп қала тұрғыны шын жүректен алғыс білдірді.