
Екібастұз қаласы Полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шақарғалиевтің атына қала тұрғыны Александр Крупениннен алғыс хат келіп түсті.
- 2022 жылғы 06 мамырда Екібастұз қаласында Воскресенский өткелі үйінің ауласында автокөлік салонынан ұялы телефон ұрланған. Жоғалған кезде мен қатты уайымдадым, өйткені телефон құны шамамен 400 мың теңге болатын. Осыдан кейін мен полицияға, атап айтқанда учаскелік инспектор Қанат Түсіповтен көмек сұрадым. Оның кәсіби шеберлігінің арқасында телефоным табылып, маған қайтарылды. Оған көп рахмет. Қызметтеріңізге табыс тілеймін, – деп жазды Алексей Крупенин.