
Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына Павлодар қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі үй тұрғындарынан алғыс хат келіп түсті.
- Өткен жылдан бастап үй тұрғындары өз үйін қоқысқа айналдырған пәтер иесімен мәселені шеше алмаған. Бұл подъезде тазалық болмағандықтан, тарақандар пайда бола бастаған. Орталық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Бауыржан Досымжанов пен полиция лейтенанты Бауыржан Уәлихазинов осы пәтердің тұрғынымен әңгімелесіп, қызметкерлердің көмегімен бұл мәселені шешуге мүмкіндік туды. Учаскелік полиция инспекторларының арқасында қоқыстан құтылуға мүмкіндік болып, пәтерден барлық қоқыс шығарылды. Біз бұған өте қуаныштымыз, - деп жазады үй тұрғындары.
Алғыс хат соңында қала тұрғындары полиция қызметкерлеріне денсаулық, жұмыста табыс және отбасылық амандық тіледі.