ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Жас жігітті құтқарғаны үшін алғыс

Естеріңізге сала кетейік, 1 сәуірде Тереңкөл ауданының кезекші бөліміне Елгин көшесі бойынша орнатылған SOS терминалынан бейне қоңырау түскен болатын. 19 жастағы Иван Самойленко жүгініп,  полиция қызметкерлерінен көмек сұрады, өйткені  жағажайда өзін нашар сезінген адамды көрген болатын. Шақыру орнына дереу автопатруль, содан кейін "жедел жәрдем" жіберіліп, аталмыш азамат құтқарылды https://www.instagram.com/p/CcjuzOzj7rb/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Полиция басшылығы бұл  туралы, аудандық газетте  Черныш отбасы ұлы мен ағасы Виталий Махиненконы құтқарғандардың барлығына білдірген алғыстан хабардар болды . Сол кезде  жас жігітті құтқаруда "SOS түймесінің" атқарған қызметі  зор болды.Игорь Самойленконың әрекетіне және оның оқиғаға бей-жай қарамағанына полиция басшылығы да назар аударды.

 - Біз бұл жақсылығы үшін жігітті ынталандыруды жөн көрдік. Иван Самойленко 19 жаста, ол Мәскеу қаласындағы оқу орындарының бірінің студенті. Оның азаматтық ұстанымының, айналасындағылардың қасіреттері мен проблемаларына бей-жай қарамауының арқасында жас жігіттің өмірі құтқарылды. Оған денсаулық пен амандық тілеймін, оның өмір жолында нағыз достар мен жақсы адамдар кездессін, - деп атап өтті Павлодар облысы Тереңкөл ауданы полиция бөлімінің бастығы Арман Кәрімов. 

Бүгін полиция бөлімі бастығының орынбасары Рашид Қайыржанов полицияның жеке құрамы алдында Иванға алғыс хат табыс етті.

Өз кезегінде жас жігіт мұқтаж азаматтарға қолдан келгенше көмек көрсетіп, мүмкіндігінше жақсылық жасай алатынын атап өтіп, өзіне көрсетілген құрмет үшін алғыс айтып, полицейлердің қызметіне табыс тіледі.

- Иван әрқашан өте мейірімді, жанашыр және көпшіл бала болып өсті. Басқаларға жақсылық жасау - Ваняның сүйікті ісі. Бұл оның жалғыз жақсы әрекеті емес, ол қарт адамдарға да көп көмектеседі, - деп Ваняның анасы баласы үшін мақтанышын жасырмады.

Жеке құрам қызметкерлері Иванға өмірде сәттілік тілеп, болашақта полицияда қызмет етуге шақырды.

Дата публикации
22 апреля 2022
Дата обновления
22 апреля 2022
Тип

Сейчас читают

10 сентября 2026
Рахмет, полиция!
07 сентября 2026
Кәсібилігі үшін алғыс
Ақпарат
03 сентября 2026
Кезекті аттестаттауға жататын Павлодар облысы Полиция Департаменті қызметкерледің тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы