ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Алғыс білдірді

Павлодар  облысы  Полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына павлодарлық жүргізушіден алғыс хат келіп түсті.

- 19 ақпанда жұбайым Камиламен бірге Павлодар қаласынан Екібастұзға шықтым. Қалқаман кенті мен Екібастұз арасында Менің "ВАЗ 21099" көлігім бұзылды. Себебін анықтай алмадым. Өйткені қараңғы түсіп кетті. Басқа жүргізушілер тоқтамады. Тоңа бастадық. Осы уақытта бізге полиция қызметкерлері майор Гинаятов пен аға лейтенанты Құдайбергенов келіп, бізді тросқа алып, Екібастұзға дейін жеткізді. Қызметкерлер бізді қиындықта қалдырмай, бізге көмектесті", - деп жазады Самат.

- Сол күні күштер мен құралдарды орналастыруға сәйкес, біз "Павлодар-Екібастұз"тас жолында кезекшілікте болдық. Трассаны айналып өтіп, "ВАЗ 21099" маркалы автокөлігінің тұрғанын байқадық. Біз не себепті тоқтап тұрғанын  анықтау үшін келдік, мүмкін біздің көмегіміз қажет шығар  деп жақындадық. Алдымыздан жас жігіт шықты, ол тоңып қалған екен. Көлігінің бұзылғанын  айтты. Біз көлікті тросқа алып, Екібастұз қаласына жеткіздік. Көмекке мұқтаж адамдарға көмектесу – бұл біздің бірінші кезектегі міндетіміз, - деді Екібастұз қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының инспекторы Төлеубай Құдайбергенов.

 

Дата публикации
21 февраля 2022
Дата обновления
21 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

10 сентября 2026
Рахмет, полиция!
07 сентября 2026
Кәсібилігі үшін алғыс
Ақпарат
03 сентября 2026
Кезекті аттестаттауға жататын Павлодар облысы Полиция Департаменті қызметкерледің тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы