
Полиция департаментінің аккаунттарына полицейлердің жұмысы туралы оң пікірлер жиі келіп түседі. Қала азаматтары өз посттарын Павлодардың басқа да әлеуметтік желілерінде жариялайды.
Полиция қызметкерлерінің атына тағы бір алғыс Instagram әлеуметтік желісінде павлодарлық "Типавло" пабликінде жарияланды. Облыс орталығының тұрғыны Лилия Байбатина өз хатында Оңтүстік полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары Ержан Тыналинов пен Қизат Кенжебаевқа алғыс білдіреді.
- 2022 жылдың 22 қаңтарында Лилия Байбатина автобуста ақша мен құжаттары бар сөмкені қалдырған. Ол бір сағаттан кейін ғана есіне түсіп, бірден полицияға қоңырау шалды.
Жоғарыда аталған учаскелік полицейлер уақытты жоғалтпай, осы автобусты тез анықтаған, оның жүргізушісі Геннадий Крицкий қырағылық пен әдептілік танытып, сөмкесін диспечерге апарған. Сөмке қысқа уақыт ішінде табылып, иесіне қайтарылды.