
Қоскөл ауылдық округі әкімінің атына Ертіс ауданы, Қоскөл ауылының тұрғыны, зейнеткер Владимир Яскевичтен алғыс хат келіп түсті.
Ол ауыл әкімі Бауыржан Қажахатовқа және учаскелік полиция инспекторы Абылай Игберлиновке денсаулық жағдайына байланысты жеке куәлігін ресімдеу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына бара алмаған зайыбы, зейнеткер Антонина Яскевичтің құжаттарын рәсімдеуге көмектескені үшін алғыс айтты.
-Әкімдікке және учаскелік полиция инспекторына құжаттарды жылдам рәсімдегені, көмек пен қолдау көрсеткені үшін үлкен рахмет, қамқорлықтары үшін алғыс айтамын,-деді Владимир Яскевич.
Азаматтардан өз атына алғыс сөздерін есту- біздің жұмысымыздағы ең үздік марапат, - деп атап өтті учаскелік полиция инспекторы Абылай Игберлинов.