
Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің атына Баянауыл ауданының тұрғыны Қабышев Берік Болатұлынан алғыс хат келіп түсті.
- Баянауыл ауданы Майқайың кентінің полиция бөлімінің бастығы подполковник Фархат Рахимовқа және барлық жеке құрамға, сондай-ақ халық арасында үлкен беделге және құрметке ие учаскелік полиция инспекторы Дәулет Әбелдиновке менің мәселемді шешудегі өзінің лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Жоғалған малымды іздеуге атсалысқандардың барлығына көмек сигналына сезімтал әрі жылдам әрекет еткені және адами көзқарасы үшін алғыс айтамын. Жоғарыда аталған қызметкерлердің шұғыл әрекеті мен күш-жігерінің, дер кезінде және жедел жұмысының арқасында мал екінші күні табылды, - делінген хабарламада.
Алғыс білдірген ауыл тұрғыны өз хатында барша жеке құрамға денсаулық, қылмыстың ашылуы мен алдын алуда сәттілік, отбасына бақыт пен береке тілейді.
- Дәл осындай қызметкерлер азаматтардың тірегі, қорғаны болып табылады, өйткені мұндай мысалдарда полиция қызметкерінің бейнесі, сонымен қатар халықтың полицияға деген сенімі қалыптасады. Жалпы, Павлодар облысының ПД-да азаматтардың бейбітшілігі мен тыныштығын қамтамасыз етудегі құқық қорғау органдарының абыройлы міндетін атқара алатын өз саласының кәсіби мамандары бар деген пікір бар, - деп атап өтті Берік Қабышев.