
Пабликтердің бірінде полиция қызметкеріне алғыс жарияланды.
- Черноярка учаскелік инспекторы полиция лейтенанты Диас Аралбаевқа алғыс білдіргіміз келеді. Бізге немқұрайды қарамай және жақын орналасқан АЖС-қа дейін жетуге көмек көрсеткені үшін, - деп жазылады жарияланымда.
- 1 қараша күні сағат 18.30 шамасында рейдтік іс-шаралар барысында облыс орталығына бағыт алған Мичурин – Черноярка ауылдары арасындағы автожолда жол жиегіне қойылған "Хундай Туксон" автокөлігін байқадым. Тоқтап, жүргізушіден не болғанын сұрады. Жүргізуші көлікті жүргізе алмай тұрғанын түсіндірді, өйткені онда жанармай таусылды. Ойланбастан, көлікті тросқа байлап, ең жақын жанармай құю станциясына жетуге көмектестім. Қызметтік автокөлікте болдым. Жүргізуші және оның жолаушысы көрсеткен көмегім мен немқұрайдылық танытпағаным үшін алғыстарын білдірді. Бұл менің жұмысым, адамдарға көмектесу. Қазір аяз тұр, сондықтан мен үнемі әкімшілік учаскені айналып өтемін, кенеттен біздің көмегіміз қажет болып қалар,- дейді Павлодар ауданының учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Диас Аралбаев.