
28 қыркүйекте Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің атына "GAS IMPEX KZ" ЖШС директоры А.Ибрагимовтан алғыс хат келіп түсті.
Хатта "GAS IMPEX KZ" ЖШС автоматты газ құю станциялары арқылы сұйытылған мұнай газын алуға құқық беретін 3000 дана көлемінде талондарды заңсыз ұрлап, сол арқылы компанияға елеулі мүліктік зиян келтірген адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы өтінішпен жүгінгені жазылған.
Бұл істі тергеу Павлодар қаласы ПБ Орталық полиция бөлімінің аға тергеушісі Марина Пугачқа тапсырылды және Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов пен Тергеу басқармасының бастығы Талғат Арыновтың жеке бақылауында болды.
Аға тергеуші Марина Пугачтың жоғары кәсібилігінің және оның жұмысына адалдығының арқасында бұл қылмысты жасаған адам анықталды. Күдікті өзінің қылмысқа қатысы жоқтығын айтса да, ол барлық қажетті дәлелдерді жинап, қылмыстық іс сотқа жіберілді – деп жазады компания директоры.
Ол Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуовке, Тергеу басқармасының бастығы Талғат Арыновқа және аға тергеуші Марина Пугачқа сапалы жұмысы үшін алғысын білдіреді.