ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Жоғары кәсіби деңгейі үшін алғыс

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің атына облыс орталығының тұрғыны Сания Шәріповадан алғыс хат келіп түсті.

- Павлодар қаласының Солтүстік полиция бөлімінің анықтау бөлімшесінің бастығы Ғалымжан Гатинге үлкен алғысымды білдіремін.  2020 жылдың тамызында менің ағам жол-көлік апатынан зардап шекті. Ғалымжан Нарайманұлының арқасында қылмыстық іс жан-жақты зерттеліп, сотқа жолданды. Ғалымжан Гатин өзінің қызметтік міндеттерін орындауға әділ  қарайды. Ол іс жүргізудің алғашқы күндерінен бастап жоғары кәсіби қасиеттерін, сауатты білікті іс - әрекеттерін, шыдамдылығын, жауаптылығын және лауазымдық міндеттерін мінсіз орындауын көрсетті, - делінген хатта.

Қала тұрғыны шын жүректен оған кәсіби өсуді, таусылмайтын қуат пен қоғам мен заңның игілігі үшін жаңа жетістіктер тілейді!

- Осындай офицерлердің арқасында біз, қарапайым азаматтар, тиісті әділеттілікке деген үмітімізді бір секундқа да жоғалтпаймыз, - деп атап өтті хат авторы.

 

Дата публикации
14 сентября 2021
Дата обновления
14 сентября 2021
Тип

Сейчас читают

10 сентября 2026
Рахмет, полиция!
07 сентября 2026
Кәсібилігі үшін алғыс
Ақпарат
03 сентября 2026
Кезекті аттестаттауға жататын Павлодар облысы Полиция Департаменті қызметкерледің тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы