
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтарды алдын алу және оның ішінде оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу мақсатында ағымдағы жылғы 13-19 қыркүйек аралығында "Жасөспірім"жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Осы кезеңде полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар мен қолайсыз отбасыларды анықтау және есепке қою бойынша іс-шаралар ұйымдастырды. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларда қару алып жүру және шанышпалы - кесетін заттарды анықтау, алкогольдік ішімдіктерді пайдаланатын кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша жұмыс ұйымдастырылды.
Бұдан басқа, ювеналдық полиция қызметкерлері ересектер тарапынан құқыққа қайшы әрекеттерді анықтау, кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сату, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден кеш уақытта болуы тұрғысынан рейдтік іс-шаралар өткізеді.