ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Павлодар облысында ауыл тұрғыны құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірген

Павлодар облысында полицейлер құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады.
"Қарасора-2021" жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізуде 28 есірткі қылмысы тіркелді, оның ішінде 5 сату фактісі. Операция кезінде жабайы қарасора өсетін жерлерді анықтауға ерекше назар аударылады. Павлодар, Ақтоғай, Май және Ертіс аудандарында аулаларды аралау барысында жабайы қарасораның өсу ошақтары анықталды, полицейлер 68 ұйғарым шығарып, 3 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды,- деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.
Успен ауданында 50 жастағы ауыл тұрғынынан жалпы салмағы 4,9 кг өсірілген 7 қарасора табылып, тәркіленді.Ер адам оны емдеу мақсатында жеке пайдалану үшін өсіргенін түсіндірді. Бұл ретте, сараптама қорытындысына сәйкес, ауыл тұрғыны алкогольдік және есірткілік масаң күйде болған.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 300 - бабының 1-бөлімінде қарастырылған қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу қозғалды.
Полицейлер қолданыстағы заңнамада құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіргені үшін қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК 300-бабы) және есірткі құралдары мен жабайы өсетін сора тізбесіне (ҚР ӘҚБК 420-бабы) енгізілген жабайы өсімдіктерді жоюға шаралар қолданбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгені туралы ескертеді.

Дата публикации
09 августа 2021
Дата обновления
09 августа 2021
Тип

Сейчас читают

10 сентября 2026
Рахмет, полиция!
07 сентября 2026
Кәсібилігі үшін алғыс
Ақпарат
03 сентября 2026
Кезекті аттестаттауға жататын Павлодар облысы Полиция Департаменті қызметкерледің тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы