
Павлодарлық полицейлер автокөліктерде музыканы қаттыға қосып тыңдайтын жүргізушілерге әкімшілік хаттама толтырды. Жазғы уақытта ауа- райы ыстық болғандықтан қала тұрғындары автокөліктердің терезелерін ашып музыканы қаттыға қояды.Бірақ бұл бұзушылық деп саналады. Көліктерден шыққан қатты музыка кейбір жолаушылар мен жүргізушілерге кедергі келтіреді. Бұл мәселе бойынша күн сайын полицияға шағымдар түседі. Сондықтан, біз мұндай бұзушылықтардың жолын кесудеміз.
Тек демалыс күндері сағат 23.00-ден кейін көлікті басқара отырып, қатты музыка тыңдаған 10 жүргізуші анықталды. Күндіз тағы 6 жүргізуші ұсталды, олар әнді қаттыға қойып тыңдаған. Оларға қатысты материалдар ҚР ӘҚБтК - нің 425-бабы бойынша жауапкершілікке тарту үшін СЭС-ке жіберілді, - деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Мысалы, 07 тамызда сағат 23.30 шамасында Павлодар қаласының Ак. Бектұров – Естай көшелерінің қиылысында 22 жастағы жүргізуші "КИА" автокөлігінің барлық терезелерін ашып қойып, әнді қаттыға қойған.
Басқа жағдайда, сағат 00.15-те "Тойота" автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі музыканы қаттыға қосып тыңдаған, сондықтан жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қатты дауысқа шағымданған. Аталған жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК 437-бабы бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалды.
Автомобиль шығаратын шу, оның ішінде үдеу және тежеу дыбыстары стандартқа сәйкес келуі керек. Осы ережелерге сәйкес шу децибелден аспауы керек. Егер автомобильде музыка қатты ойналса, акустикалық толқындар децибелден асып кетеді, бұл есту қабілетінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Түнгі уақытта көліктен музыка қатты ойнағаны үшін 5-тен 100 АЕК-ке дейін айыппұл салу көзделген.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол әрекет–
10 - нан 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады, - деп түсіндірді Жасқайрат Қайыров.