ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Полицейлер түйременің көмегімен балық аулаған ауыл тұрғынын ұстады

Павлодар облысы полиция Департаментінің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері тұрақты негізде заңсыз балық аулауға, тасымалдауға және саудаға қарсы күрес бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізеді.

- Мысалы, бірнеше күн бұрын Ленинский-Ертіс-Русская поляна автожолында полицейлер Мұткенов ауылы тұрғынының басқаруындағы "Ваз-210740" автокөлігін тоқтатты. Көлік құралын тексеру кезінде 9 қап және 1 пакет балық табылды. Жалпы салмағы 230 кг. шығын сомасы - 280 000 теңге, – деді Павлодар облысы полиция Департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов. 

Ол ауыл тұрғыны Ертіс өзенінің жайылмасында тыйым салынған тәсілмен – ұзындығы 100 метр "Қытай өндірісі" желілерімен балық аулағанын атап өтті.

Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс жүргізу шешімін қабылдау үшін материал сотқа жолданды.

Осыған ұқсас фактіні Тереңкөл ауданы Жаңабет ауылының маңында да полиция қызметкерлері анықтаған. Мұнда ер адам тыйым салынған құралмен  балық аулаған. Сонымен қатар, оның қайығынан басына түйреме жалғанған  ұзын ағаш сап табылды. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБК 383-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Дата публикации
07 июня 2021
Дата обновления
07 июня 2021
Тип

Сейчас читают

10 сентября 2026
Рахмет, полиция!
07 сентября 2026
Кәсібилігі үшін алғыс
Ақпарат
03 сентября 2026
Кезекті аттестаттауға жататын Павлодар облысы Полиция Департаменті қызметкерледің тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы