ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Кәсібилігі үшін алғыс

Полиция қызметкерлерінің жұмысына қатысты оң пікірлер – өңірдегі қоғамдық тәртіпті күн сайын күзетіп жүрген қызметкерлер еңбегінің көрсеткіші.
Кезекті алғыс Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына келіп түсті. Павлодар қаласының тұрғыны Павлодар қаласы Полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің жедел уәкілі Дастан Жұмағұлға кәсібилігі мен жеделдігі үшін ризашылығын білдірді.
- Мен алаяқтардың құрбаны болғандықтан, Павлодар қаласы Полиция басқармасының киберполиция бөліміне жүгіндім. Жедел уәкіл Дастан Жұмағұл сол күні-ақ ұрланған қаражат өткен шоттардың иесі – дроперді анықтады. Полиция қызметкерінің жедел жұмысының арқасында ақшам толықтай өзіме қайтарылды, – деп жазды павлодарлық тұрғын өз алғысында.
Павлодар облысының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болу қажеттігін тағы да еске салады. Төмен баға мен тегін жеткізу туралы ұсыныстарға алданып қалмаңыздар, өйткені бұл интернет-алаяқтардың құрған тұзағы болуы мүмкін. Тек сақтық пен мұқияттылық таныту арқылы ғана алаяқтардың құрбаны болу қаупінің алдын алуға болады.

Дата публикации
07 сентября 2026
Дата обновления
07 сентября 2026
Тип

Сейчас читают

10 сентября 2026
Рахмет, полиция!
07 сентября 2026
Кәсібилігі үшін алғыс
Ақпарат
03 сентября 2026
Кезекті аттестаттауға жататын Павлодар облысы Полиция Департаменті қызметкерледің тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы