ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Полиция тергеушісіне кәсібилігі үшін Ақсу қаласының тұрғыны алғыс білдірді

Ақсу қаласы полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі Ботагөз Серікболқызының атына қала тұрғыны Тлеулес Дүйсембайқызы Сухотеринаның алғыс хаты келіп түсті.

Өз өтінішінде ол «Орбита Ақсу» ПИК-нің мүлкін ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі жедел ашып, сапалы тергегені және жоғары кәсібилігі үшін полиция қызметкеріне шынайы ризашылығын білдірді.

- Аға тергеуші Ботагөз Серікболқызына кәсібилігі, өз жұмысына
жауапкершілікпен қарағаны және адамгершілік қасиеті үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Оның сауатты әрі жедел әрекеттерінің арқасында қылмыстық іс қысқа мерзімде ашылып, толық тергелді. Тергеудің әр кезеңінде маған жанашырлық танытып, қолдау көрсетіп, әділдіктің орнайтынына сенім ұялатты. Адал қызметіңіз, ісіңізге деген берік ұстанымыңыз және адамдарға көрсеткен көмегіңіз үшін рахмет. Сізге зор денсаулық, амандық және қызметіңізге толағай табыс тілеймін, – деді Тлеулес Дүйсембайқызы бейнеүндеуінде.

Мұндай алғыс сөздер полиция қызметкерлерінің еңбегіне берілген ең жоғары баға әрі азаматтардың ішкі істер органдарына деген сенімінің айқын көрінісі болып табылады. Қызметтік міндетті адал атқару, жоғары кәсібилік және азаматтарға құрметпен қарау – осы сенімді нығайтудың басты негізі.

Дата публикации
29 июля 2026
Дата обновления
29 июля 2026
Тип

Сейчас читают

10 сентября 2026
Рахмет, полиция!
07 сентября 2026
Кәсібилігі үшін алғыс
Ақпарат
03 сентября 2026
Кезекті аттестаттауға жататын Павлодар облысы Полиция Департаменті қызметкерледің тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы