ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Қызметкер алаяқтық әрекеттің алдын алып, 1,5 млн теңге көлеміндегі қаражатты сақтап қалды

Қаланың сауда орталықтарының бірінде зейнет жасындағы әйел банкомат арқылы ақша аударуға әрекет жасаған.

Осы сәтте сол жерде болған Павлодар облысы ПД ақпараттандыру және байланыс басқармасының технигі Сауле Сакиянова зейнеткердің әрекетіне назар аударған. Әйелдің бейтаныс адамдардың нұсқауымен сөйлесіп, әрекет етіп тұрғаны күдік тудырған.

Алаяқтық схемасын болжаған полиция қызметкері азаматшаға оның алдануы мүмкін екенін түсіндіруге тырысқан. Психологиялық қысымның әсерінен зейнеткер алғашында байланысқа бірден шықпағанымен, тәртіп сақшысы оны жалғыз қалдырмай, ақша аударуды тоқтатуға ықпал етіп, бірден «102» арнасына хабарлаған.

Оқиға орнына келген полицейлер белгісіз тұлғалардың зейнеткерге қоңырау шалып, терминал арқылы шамамен 1,5 млн теңге көлеміндегі қаражатты иемденуге тырысқанын анықтады.

Әйелмен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, кең таралған алаяқтық тәсілдері түсіндірілді.

Сауле Сакиянованың қырағылығының арқасында заңға қайшы әрекеттер дер кезінде тоқтатылып, материалдық шығынға жол берілмеді.

Полиция ескертеді:
* «Банк қызметкері» немесе «оператор» атынан қоңырау шалғандардың айтуымен қаржылық операциялар жасамаңыз.
* Банктер мен мемлекеттік органдар ешқашан қаражатты «қауіпсіз шотқа» аударуды талап етпейді.
* Күдік туындаған жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласыңыз.

 

Дата публикации
04 марта 2026
Дата обновления
04 марта 2026
Тип

Сейчас читают

10 сентября 2026
Рахмет, полиция!
07 сентября 2026
Кәсібилігі үшін алғыс
Ақпарат
03 сентября 2026
Кезекті аттестаттауға жататын Павлодар облысы Полиция Департаменті қызметкерледің тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы