ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Кәсібилігі үшін алғыс

Полиция қызметкерлерінің жұмысына берілген оң пікірлер — өңірдегі құқықтық тәртіпті күн сайын қамтамасыз етіп жүрген қызметкерлер еңбегінің көрсеткіші.
Павлодар облысы ПД басшылығының атына Павлодар қаласының тұрғыны Александра Лашковадан кезекті алғыс хат келіп түсті. Ол Павлодар қаласы ПБ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің жедел уәкілі Жандарбек Ахметовке ризашылығын білдірген.
– Жақында мен интернет-алаяқтыққа тап болдым. Павлодар қалалық полиция басқармасының киберполиция бөліміне жүгіндім. Құқық қорғау қызметкерінің кәсібилігінің арқасында менің мәселем жедел түрде шешімін тапты. Еңбегіңіз үшін рахмет, – деп жазылған хабарламада.
– Біз алдағы уақытта да жүктелген міндеттерді сапалы орындау үшін бар күш-жігерімізді саламыз, қол жеткізілген нәтижелерді сақтап, одан әрі арттыра түсеміз, – деп атап өтті полицей.
Павлодар облысының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды тағы да ескертеді: тым төмен бағаларға және тегін жеткізу уәделеріне сенбеңіздер — бұл интернет-алаяқтардың айласы болуы мүмкін. Тек мұқият болған жағдайда ғана алаяқтардың құрбаны болу қаупін алдын алуға болады.

Дата публикации
05 февраля 2026
Дата обновления
05 февраля 2026
Тип

Сейчас читают

10 сентября 2026
Рахмет, полиция!
07 сентября 2026
Кәсібилігі үшін алғыс
Ақпарат
03 сентября 2026
Кезекті аттестаттауға жататын Павлодар облысы Полиция Департаменті қызметкерледің тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы