ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарландыру

Павлодар облысы Полиция департменті «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ІІМ-нің  ағымдағы жылғы 26 наурыздағы № 218  бұйрығы (бұдан әрі – бұйрық) шеңберінде жоспардан тыс аттестаттауды өткізетіні туралы хабарлайды.

Мақсаты – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 773 бұйрығына сәйкес Павлодар облысы ПД бастығының номенклатурасына жататын лауазымдарды атқаратын және ниет білдірген қызметкерлер жоспардан  тыс аттестаттаудан өтуге хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Жеке құраммен жөніндегі басқармасына үлгіге сәйкес баянат және «Документолог»  жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді.

Жоспардан тыс аттестаттауға жіберілмейтін қызметкерлер:

1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін(Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2025 жылғы 30 шілдедегі №124 бұйрығы).

ПД  лауазымдар номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:

-  Полиция департаменті  облыстық  аппараты C-SVО-7 санаты;

          - Полиция департаменттерінің қалалық және аудандық бөліністеріне C-SVR-5 санаты;

- арнайы бөліністер - C-SN- 7***санаты;

-саптық бөліністер  - C-SSP- 7 санаты.

2) қолданыстағы тәртіптік жазалары барлар;

3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатқандар.

Сұрақтар туындаған жағдайда Павлодар облысы ПД Жеке құраммен жөніндегі басқармасына   хабарласуға болады,

каб. № 411, 412,413,414  анықтама телефондары 8 (7182) 39-12-60, 39-12-83, 39-10-80, 39-12-28, 39-10-72, 39-10-91, 39-10-92 электрондық мекенжайлар v.viktoriya@mvd.gov.kz;dilyara_munduinova@mvd.gov.kz;z.shiltybaeva@mvd.gov.kz.                               

Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.

Павлодар облысы ПД Жеке құраммен жөніндегі басқармасына 

 Павлодар облысы ПД

жоспардан тыс

аттестаттаудың төрағасы

полиция полковнигі

Ж.Б.Орынбаевқа

Баянат

Мені жоғары тұрған басшылық лауазымға кандидатурамды қарау үшін жоспардан тыс аттестаттау өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын.

____________________

(лауазымы, атағы, Т. А. Ә., қолы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 ноября 2025
Дата обновления
05 ноября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

10 сентября 2026
Рахмет, полиция!
07 сентября 2026
Кәсібилігі үшін алғыс
Ақпарат
03 сентября 2026
Кезекті аттестаттауға жататын Павлодар облысы Полиция Департаменті қызметкерледің тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы