ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Көкшетау қаласының тұрғыны ағасын ғ іздеуде көмектескені үшін полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді

Полиция қызметкерлерінің жанашырлығы мен жеделдігі тағы да дәлелдеді: құқық қорғаушылар әрдайым қолдау қажет болған сәтте жанымызда.
Көкшетау қаласының тұрғыны Май аудандық полиция бөлімі «102» пультіне алаңдаулы қоңырау шалды. Ол ағасымен байланыса алмай жатқанын, ал оның танысының айтуынша, ағасы ауруханаға түскенін жеткізді. Алайда ешқандай қосымша мәлімет болмаған, ал бұл хабарды жеткізген танысы кейін қоңырауларға жауап бермей қойған. Жағдайды қиындатқаны – әйелдің ағасына бару мүмкін болмады.
Сол күні «102» пультінде кезекші болған полиция старшинасы Равиль Ташенов арызды тыңдап, деректерді нақтылап, медициналық мекемелермен байланысқа шығып, ер адамның шынымен ауруханаға жеткізілгенін анықтады. Туысының алаңын сейілту үшін полицей медицина қызметкерлерімен байланыс орнатты.
Кейін Көктөбе ауылының учаскелік инспекторы Нығмет Бахтияр ер адамды жеке барып көрді. Әңгіме барысында оның телефонын жоғалтып алғандықтан байланысқа шыға алмағаны белгілі болды.
Ағасының үю аман-есен екенін білген қыз әлеуметтік желіде алғыс хат жазды.
Өз жазбасында ол полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің, сыпайылығы мен зейінді көзқарасының арқасында сабыр сақтап, мәселені тез шешуге мүмкіндік алғанын атап өтті.
– Күніне осындай жағдайлар көп болады. Біздің міндетіміз – адамның жағдайын түсініп, өкілеттігіміз аясында көмек көрсету. Бұл – біздің жұмысымыз, – дейді тәртіп сақшылары.

 

Дата публикации
01 октября 2025
Дата обновления
01 октября 2025
Тип

Сейчас читают

10 сентября 2026
Рахмет, полиция!
07 сентября 2026
Кәсібилігі үшін алғыс
Ақпарат
03 сентября 2026
Кезекті аттестаттауға жататын Павлодар облысы Полиция Департаменті қызметкерледің тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы