
Шарбақты ауданының полиция бөліміне интернет-алаяқтардың құрбаны болған жергілікті тұрғыннан өтініш түсті. Қаскүнемдерге алданған әйел қомақты сомаға бөліп төлеуді ресімдеген. Алайда, полицейлердің жедел жұмысының арқасында ақша келесі күні қайтарылды.
Тергеуші Гүлден Адамова мен жедел уәкіл Саят Рашитов дереу істі қарауға кірісті, оқиғаның мән-жайын жедел анықтап, қажетті шараларды қабылдады. Олардың кәсібилігі мен үйлесімді әрекеттерінің арқасында жәбірленуші ауыр қаржылық зардаптардан аулақ болды.
Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне жедел әрекет еткені және көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді:
- Маған осындай қиын жағдайда көмектескендеріңізе өте ризамын. Сіздердің арқаларыңызда өз ақшам өзіме қайтып келді, мен өзімді шынымен қорғауда тұрғандай сезіндім. Жұмыстарыңыз бен адами көзқарастарыңыз үшін рақмет, — деп жазды ризашылық білдірген ауыл тұрғыны.
Полиция мұндай жағдайлар азаматтардың полицияға деген сенімі профилактикалық жұмыс арқылы ғана емес, нақты істер арқылы да қалыптасатынын атап өтті.
Павлодар облысының полицейлері азаматтарға тағы да қырағы болуды және алаяқтардың қулықтарына түспеуді ескертеді.