ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Полиция қызметкерлеріне рақмет!

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына Шымкент қаласының тұрғыны, отставкадағы полиция полковнигі Байболатов Қайрат Өмірзақұлынан алғыс хат келіп түсті.
- Павлодар облысы Полиция департаментінің кадр қызметінің қызметкерлері Айбат Ибраевқа, Алмас Баймбет пен Жарқын Рахымжановқа ҚР ІІО қызметіне іріктеу кезінде әр кандидатқа жоғары кәсібилігі, шыдамдылығы және жеке көзқарасы үшін терең ризашылығын білдіреді. Менің ұлым Өмірзақ Рысдәулет Серікұлы Алматы қаласындағы жоғары оқу орнын бітіріп, ішкі істер органдарында оның ағасы 30 жылдық еңбек өтілі бар ҚР ІІО зейнеткері сияқты қызмет еткісі келді. Полиция қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға жауапкершілікпен қарады, ұлымды пойыздан қарсы алды, жатақханааға қоныстандырды, полицияға жұмысқа орналасуға көмектесті. Әр ата-ана өз балалары үшін алаңдайды, ұлымды Павлодар қаласына жіберіп, ұлымды осылай қарсы алып, көмек көрсетеді деп ойламадым, кадр қызметінің қызметкерлеріне әкесінің атынан және Шымкент қаласының барлық тұрғындарынан зор алғысымды білдіргім келеді, оларға зор денсаулық пен қызметте мансаптық өсуді тілеймін - хабарламада жазылған.
Өз кезегінде полиция қызметкерлері қоғам тарапынан осындай қолдау көрсеткені үшін ризашылықтарын білдіреді, өйткені олар аса құнды және бұл азаматтардың осы қиын жұмыстарын ең жақсы бағалауы.

Дата публикации
29 апреля 2025
Дата обновления
29 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

10 сентября 2026
Рахмет, полиция!
07 сентября 2026
Кәсібилігі үшін алғыс
Ақпарат
03 сентября 2026
Кезекті аттестаттауға жататын Павлодар облысы Полиция Департаменті қызметкерледің тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы