
Облыстық полиция ведомствосының бастығы Василий Склярдың атына Ертіс ауылының тұрғынынан алғыс хат келіп түсті. Отбасы өз хатында учаскелік полиция инспекторы Попов Александр Александровичке алғыс білдіреді.
- Түстен кейін менің үш жасар ұлым аулада ойнап жүрген. Үйге бірнеше секундке кіріп шықтым, бірақ ұлым аулада болмады. Өздігімізден іздеу оң нәтиже бермеді. Ұлым есік алдынан шығып, адасып кеткені белгілі болды. Осы уақытта, учаскелік инспектор Александр Попов әкімшілік учаскені айналып өтіп, ересектерсіз жалғыз жүрген кішкентай баланы байқады. Ол тоқтап, баладан сұрай бастаған. Оның жоғалғанын білгеннен кейін қызметкер оны қолынан ұстап, көшеде жүрді. Біраз уақыттан кейін ұлым өз үйін танып, қуанып айқайлай бастаған. Оның дауысын естігеннен кейін мен жолға қарай жүгірдім. Ұлыма бей-жай қарамағаныңыз үшін және көмек бергеніңіз үшін рақмет. Сіз сияқты адамдар қиын сәттерде нағыз тірек болады, - деп жазады жоғалған баланың отбасы Қалымжановтар.
Полицейлер балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Бала ересектердің қарауынсыз қалып, қауіпті әрдайым түсіне бермейтінін есте ұстаған жөн.