ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Бос лауазымдардың орнын басу үшін конкурс жариялау

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысы Полиция департаменті, 140000, Павлодар қаласы,  Лермонтов көшесі, 50/1, анықтама телефондары: 8 (7182) 39-12-28,  39-10-72,  39-12-60,  39-10-81, факс 8 (7182)                  39-10-43, Электрондық пошта мекенжайы: ukr_dvd_pvl@mail.ru бос лауазымдардың орнын басу үшін конкурс жариялайды:

 

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы:

 

Санаты

Қызмет өтіліміне тәуелді

min

max

С-SVО-7 (ЖБ)

209362

257489

С-SVR-4 (ЖБ)

226111

278088

С-SVR-8 (ЖБ)

153887

189262

С-SVR-8 (РБ)

166528

225282

С-SSP-8

153887

189262

С-SV-13

142488

175243

С-SV-12

153887

189262

Павлодар облысы Полиция департаменті Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы ішкі аудит тобының бас ревизоры (С-SVО-7) - 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 35 жастан аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, әскери қызметке жарамдылығы, білімі жоғары, мамандығы бойынша: «Есеп және аудит»- 050800, «Қаржы»- 050900. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», Заңдары, «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексін», «Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексін», Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін,  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексін, кәсіби іс-әрекетпен байланысты басқа да нормативтік-құқықтық актілерді білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білік-дағдылары.

Негізгі лауазымдық міндеттер: аудиторлық қызметті жүзеге асыру немесе бухгалтерлік есеп жүргізу, тексеру комиссиясындағы тәжірибе, бухгалтерлік есеп, аудит принциптерін, рәсімдері мен әдістерін қолдана білу және талдау негізі. Тексеруді келісілген мерзімде жүргізу, тексеру нәтижесі бойынша бақылаулар мен қорытындыларды негіздеу үшін алынған куәліктердің жеткіліктілігі мен сәйкестігін растау.

  1. Павлодар қаласы Полиция басқармасы Солтүстік полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі (С-SVR-8) - 2 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 35 жастан аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, білімі жоғары, «Құқықтану» (030100), «Құқық қорғау қызметі» (030300) мамандықтары бойынша. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын, «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексін», «Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексін», Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін, кәсіби қызметпен байланысты басқа да нормативтік-құқықтық актілерді білу.

Негізгі лауазымдық міндеттер: қылмыстарды анықтау, ашу, қылмыстық қылмыскерлерді, із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру.

  1. Ақсу қаласы полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің тергеушісі (С-SVR-8) -1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 35 жастан аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, әскери қызметке жарамдылығы, білімі – жоғары, «Құқықтану» (030100), «Құқық қорғау қызметі» (030300), мамандықтары бойынша білім. Осы лауазымды басуға толық басымдылық құқығын беретін қосымша құзырет – Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарды, «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексін», «Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексін», Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін, кәсіптік қызметпен байланысты басқа да нормативтік-құқықтық актілерді білуі қажет. Осы санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерін атқару үшін осыған сәйкес қажетті білік-дағдылары және басқа да міндетті білімдері болуы тиіс.

Негізгі лауазымдық міндеттер: Қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу немесе сотқа дейінгі өндіріс нысанын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс-жүргізу кодексімен қарастырылған қылмыстық істерді қозғау, барлық тергеу іс-әрекеттерін орындау.

  1. Павлодар қаласы Полиция басқармасы Оңтүстік полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-4) - 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 35 жастан аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, әскери қызметке жарамдылығы, білімі жоғары, мамандығы бойынша: «заңтану»- 030100, «құқық қорғау қызметі»- 030300. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексін», «Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексін», Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, Заңдары, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексін, кәсіби іс-әрекетпен байланысты басқа да нормативтік-құқықтық актілерді білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білік-дағдылары.

Негізгі лауазымдық міндеттер: қоғамдық тәртіпті күзету және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, соның ішінде әскери және төтенше жағдай шарасында. Ескерту, анықтау, жол бермеу және әкімшілік құқық бұзушылықтар, қылмыстарды ашу және тергеу, сондай-ақ құқық бұзушылықты алдын алу.

  1. Шарбақты ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-4) - 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 35 жастан аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, әскери қызметке жарамдылығы, білімі жоғары, мамандығы бойынша: «заңтану»- 030100, «құқық қорғау қызметі»- 030300. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңдары, «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексін», «Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексін», Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексін, кәсіби іс-әрекетпен байланысты басқа да нормативтік-құқықтық актілерді білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білік-дағдылары.

Негізгі лауазымдық міндеттер: қоғамдық тәртіпті күзету және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, соның ішінде әскери және төтенше жағдай шарасында. Ескерту, анықтау, жол бермеу және әкімшілік құқық бұзушылықтар, қылмыстарды ашу және тергеу, сондай-ақ құқық бұзушылықты алдын алу.

  1. Павлодар қаласы Полиция басқармасы Орталық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-8) - 1  бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 35 жастан аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, әскери қызметке жарамдылығы, білімі жоғары, мамандығы бойынша: «заңтану»- 030100, «құқық қорғау қызметі»- 030300. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», Заңдары, «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексін», «Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексін», Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексін, кәсіби іс-әрекетпен байланысты басқа да нормативтік-құқықтық актілерді білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білік-дағдылары.

Негізгі лауазымдық міндеттер: қоғамдық тәртіпті күзету және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, соның ішінде әскери және төтенше жағдай шарасында. Ескерту, анықтау, жол бермеу және әкімшілік құқық бұзушылықтар, қылмыстарды ашу және тергеу, сондай-ақ құқық бұзушылықты алдын алу.

7.Павлодар қаласы Полиция басқармасы патрульдік  полиция батальонының  қызмет инспекторы  (C-SSP-8) - 1  бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жастан аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, білімі жоғары, «Құқықтану» (030100), «Құқық қорғау қызметі» (030300), «Халықаралық құқық» (030200), «Көлік, көлік техникасы және технология» (071300), «Көлік тасымалы, қозғалысы және эксплуатацияны ұйымдастыру» (090100) немесе арнайы орта «Заңгер-кеңесші» (0201023), «Заңгер» (0202013) мамандықтары бойынша. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексін», Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, кәсіби қызметпен байланысты басқа да нормативтік-құқықтық актілерді білу. Жүргізуші куәлігінің болуы.

Негізгі лауазымдық міндеттері: қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін күзету, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, соның ішінде төтенше немесе әскери жағдайларда.

           8.Павлодар облысы Полиция департаменті айдауылдау қызметі ротасының полицейі (С-SV-12) – 2 бірлік.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жасы 35-тен аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде ҚР Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, білімі-орта.

Функционалдық міндеттері: айыпталушылар мен күдіктілерді тергеу амалдарын жүргізу үшін арнайы мекемелерге айдауылдауды, сот отырысы және стационарлық ем алу кезінде олардың күзетін жүзеге асырады.

  1. Павлодар облысы Полиция басқармасы Орталық полиция бөлімі ғимараттарды күзету жөніндегі тобының полицейі (С-SV-12) - 2 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35-тен аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде ҚР Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, білімі арнайы техникалық орта және кәсіптік.

Негізгі лауазымдық міндеттері: Әкімшілік ғимараттардағы өткізу тәртібін және қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

  1. Павлодар қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны кавалериялық взводының полицей-кавалерисі (С-SV-12) - 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жастан аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, орта, техникалық және кәсіби, арнайы орта білімі. Жүргізуші куәлігінің болуы.

Негізгі лауазымдық міндеттері: Қоғамдық тәртіп және жол қауіпсіздігін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде төтенше немесе әскери жағдайларында.

  1. Павлодар қаласы Полиция басқармасы әкімшілік тәртіпте қамауға алынған адамдарға арналған арнайы қабылдау орнының полицейі (С-SV-12) - 2 бірлік.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жасы 35-тен аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде ҚР Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, білімі арнайы техникалық орта және кәсіптік.

Негізгі лауазымдық міндеттер: постқа түскен кезде әкімшілік қамауға алынған, мәжбүрлеп шығарып жіберуге жататын адамдарды қабылдайды. Арнайы қабылдағышта ұсталатын адамдарды тексеруді жүргізеді. Ұсталған адамдардың мінез – құлқын үнемі бақылайды, өлім немесе дене жарақаттарының алдын алу шараларын қолданады. Күн сайын камералардың жай – күйін, олардың жарамдылығын тексереді және байқалған ақаулар туралы басшылыққа баяндайды.

  1. Ақсу қаласы полиция бөлімі қылмыс жасауда күдіктілер мен айыпталушыларды қамауда уақытша ұстау изоляторының полицейі (С-SV-12) – 1 бірлік.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жасы 35-тен аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде ҚР Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, білімі-орта.

Функционалдық міндеттері: айыпталушылар мен күдіктілерді тергеу амалдарын жүргізу үшін арнайы мекемелерге айдауылдауды, сот отырысы және стационарлық ем алу кезінде олардың күзетін жүзеге асырады.

  1. Полиция департаменті Ақпараттандыру және байланыс басқармасының технигі (С-SV-13) - 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35-тен аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде ҚР Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, білімі-орта, орта арнайы техникалық және кәсіптік.

Негізгі лауазымдық міндеттер: Ішкі істер органдарының локалды есептеу жүйелерін құру, орнату және сүйемелдеу. Жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу.

  1. Павлодар қаласы Полиция басқармасы тылдық қамтамасыз ету бөлімшесінің полицей-жүргізушісі (С-SV-12) - 1 бірлік.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жасы 35-тен аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде ҚР Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, білімі арнайы техникалық орта және кәсіптік. Жүргізуші куәлігінің болуы.

Функционалдық міндеттері: айыпталушылар мен күдіктілерді тергеу амалдарын жүргізу үшін арнайы мекемелерге айдауылдауды, сот отырысы және стационарлық ем алу кезінде олардың күзетін жүзеге асырады.

  1. Павлодар облысы Полиция басқармасы құжаттамалық қамтамасыз ету тобының технигі (С-SV-13) - 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35-тен аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде ҚР Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, білімі арнайы техникалық орта және кәсіптік.

Негізгі лауазымдық міндеттері: персонал бойынша келіп түскен құжаттаманы өңдеуді эәне талдауды жүзеге асырады, ұйымдық және үкімдік құжаттаманы тіркеуді, есепке алуды және ағымдағы сақтауды жүзеге асырады, мемлекеттік органдарда персонал бойынша құжаттарды ұсыну бойынша құжат айналымын ұйымдастыруды жүзеге асырады.

  1. Ақсу қаласы полиция бөлімі қылмыс жасауда күдіктілер мен айыпталушыларды қамауда уақытша ұстау изоляторы айдауылдау бөлімшесінің полицей-айдауылдаушысы (С-SV-12) – 1 бірлік.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жасы 35-тен аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде ҚР Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, білімі-орта.

Функционалдық міндеттері: айыпталушылар мен күдіктілерді тергеу амалдарын жүргізу үшін арнайы мекемелерге айдауылдауды, сот отырысы және стационарлық ем алу кезінде олардың күзетін жүзеге асырады.

                 Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар: белгіленген нысан бойынша өтініш, сауалнама, өз қолымен жазылған және қағаз бетінде басылған өмірбаян, кадр есебі бойынша жеке парақ, нотариалды куәландырылған білімі туралы құжаттарының көшірмелері, нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі (еңбек кітапшасы бар болса), нотариалды куәландырылған әскери билетінің көшірмесі, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі, соңғы жұмыс істеген орнынан (оқу орнынан) немесе әскери бөлімшесінен мінездеме, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен сотталмағаны жөніндегі анықтамасы, 3х4 см фотосурет (төрт дана), Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге тест өткені туралы сертификат, өкілетті органда жеке жеке қабілеттерін бағалауды өту туралы қорытынды, осы құжаттар бұқаралық ақпараттар құралдарында жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде Павлодар облысы ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасына ұсынылуы қажет.   

Қоса берілген құжаттар көрсетілген тізімімен, тезтікпеге салынған құжаттар қарастыруға қабылданады.

 

                                                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
06 марта 2025
Дата обновления
19 марта 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

10 сентября 2026
Рахмет, полиция!
07 сентября 2026
Кәсібилігі үшін алғыс
Ақпарат
03 сентября 2026
Кезекті аттестаттауға жататын Павлодар облысы Полиция Департаменті қызметкерледің тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы