
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің атына Екібастұз қаласының тұрғыны Диана Әбдірахмановадан алғыс хат келіп түсті.
- Туындаған мәселені шешудегі жеделдік пен жоғары кәсібилігі үшін Павлодар облысы ӨҚБ қызметкері Жолдас Қаламовқа алғысымды білдіргім келеді. Ол себеп пен жағдайды анықтап, бәрін үйлестіріп, бізге нақты түсіндірді. Біз оны қазіргі полиция қызметкерінің үлгісі деп санаймыз — адал және әділ, сыпайы және азаматтардың мәселелеріне бей-жай қарамайды. Сізге және сіздің қызметкерлеріңізге осындай қиын жұмыста денсаулық пен шыдамдылық тілеймін,- деп хабарламада жазылған.
- Жылы алғыс сөздер құқық қорғау органдарының өміріне жарқын әсер етеді және полиция туралы қоғамдық пікірді қалыптастыруға елеулі үлес қосады. Олар сондай-ақ күшті мотивация береді және одан да пайдалы және игі істер жасауға ынталандырады,- деп айтты Жолдас.