
Полицейлердің жұмысы туралы оң пікірлер тәулік бойы қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқаратын қызметкерлердің жұмысының көрсеткіштері болып табылады.
Instagram парақшасында кезекті алғыс жарияланды, онда қала тұрғыны Павлодар қаласының ПБ Орталық ПБ учаскелік полиция инспекторы Ардақ Теміржановқа алғыс білдіреді.
- 9 қараша күні біз бәріміз жұмыста болдық. Ата-анам үйде болды. Түскі астан кейін, әкем ұйықтап жатқанда, анам үйден жалғыз шығып кеткен. Анамда Альцгеймер сырқаты болғандықтан, мен бірден дабыл қақтым. Күн суық қараша айы, қазір тез қараңғы түсетіндіктен, соңғы оқиғаларды еске түсіре алмауы эмоционалдық бұзылулары, депрессия сияқты белгілері бар болғандықтан, мен қатты қорқып, бірден полицияға қоңырау шалдым. Учаскелік полиция қызметкері Ардақ екеуміз оны іздеуге шықтық. Жарты қаланы аралап, Қайырбаев көшесіндегі дүкендердің бірінен таптық. Мен анаммен қайта қауышқаным үшін тәртіп сақшысына өте ризамын! Оған сәттілік пен зор денсаулық тілеймін-деп жазады өз ризашылығын білдірген қызы.
- Өмірде әртүрлі жағдайлар болады. Біздің міндетіміз – бұл үшін барлық қажетті шараларды қабылдау арқылы адамдарға көмектесу – дейді тәртіп сақшысы.