
@Dp_pavlodar директіне өңір азаматтарынан жылы алғыс сөздер келіп түсуде.
Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғыс сөздерімен кезекті хабарлама Павлодар қаласының тұрғыны Манапова Сәуле Мелісқызынан келіп түсті.
– Жедел уәкіл Сұлтан Сапаровқа және криминалдық полицияның барлық қызметкерлеріне жедел жұмысы мен көмегі үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Мен іскер әйелмін, интернеттегі алаяқтардың қолына түстім. Жігіттер үлкен жұмыс жасады және маған ақшамды қайтарды. Басшы Талғат Нұрсұлтанұлы мен тергеуші Алмазға кәсібилігі үшін көп рақмет-деп жазды алғыс білдірген павлодарлық әйел.
– Барлық өтініштерге жедел ден қою, құқық бұзушылықтардың жолын кесу, сеніп тапсырылған аумақта құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету - біздің қызметтегі басты басымдығымыз, - деп атап өтті полиция қызметкерлері.
Полиция департаменті азаматтарға тағы да келесіні ескертеді: өздерін осындай жағдайлардан қорғау үшін жеке кабинеттерінің, банк карталарының деректерін хабарлауға болмайды. Банк қызметкерлері Сіздің картаңыздың нөмірін өздері атай алады. Олар ешқашан келесідей құпия ақпаратты сұрамайды: PIN коды, CVV коды, SMS және жеке кабинеттердегі құпия сөздер.