
Күн сайын полиция қызметкерлеріне алғыс айтылады, Павлодар облысы полиция департаментінің директіне осындай кезекті алғыс келіп түсті. Ер адам Ақсу өңірі Қызылжар ауылының учаскелік полиция инспекторы Айсат Кушеновке алғысын білдірді, хабарламасында осылай деп жазды:
"Сәлеметсіз бе, Ақсу қаласы Қызылжар ауылының учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Айсат Маратұлы Кушеновке көмек көрсеткені үшін алғыс хат жазғым келіп отыр. Жолда менің көлігім сынып қалғанда, ол дөңгелекті алып, мені шиномонтажға апарып, дөңгелекті жөндеуге көмектесті, оған үлкен рахмет айтқым келіп отыр!"- деп жазады жергілікті тұрғын.
Азаматтардың тәртібін, тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету - полицейлердің басты міндеті болып табылады.