
Күн сайын тәртіп сақшыларына әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы қиын жағдайға тап болған көлік жүргізушілеріне уақытылы көмек көрсеткені үшін алғыс айтылады.
Полиция департаментінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына Павлодар облысының тұрғыны Бағдәулет Алтыннұр құрамында Қуаныш Сағындықов пен Ілияс Ракишке бар "008" патрульдік полиция батальонының экипажына автокөліктің сынған сәтінде қасында болып, көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.
- Біз Баянауыл ауылынан жолға шықтық, сағат 08.00-де көлігіміз сынып қалды, далада нөсер жаңбыр жауып тұрды, тіпті көліктен де шыға алмадық. Содан кейін бізге полиция қызметкерлері келді, олар бізді ең жақын ТҚО дейін сүйреп апарды және көлікті жөндеу аяқталғанға дейін бізбен байланыста болды. Біз өз жолымызды аман-есен жалғастырдық, ал инспекторлар өз учаскелерін патрульдеуді жалғастырды. Осындай жауапты қызметкерлердің арқасында біз жолда мұндай қолайсыз ауа-райында қалмадық. Қиын уақытта адамдарға көмектескендеріңіз үшін көп рақмет! Жарайсыңдар! Қызметте одан әрі табыстар мен жоғарылау тілеймін, - деп жазды ризашылық білдірген әйел.
–Күн сайын қызметте түрлі жағдайлар кездеседі, проблемалар, күтпеген жағдайлар туындайды - көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсету біздің тікелей міндетіміз-дейді құқық қорғау органдарының өздері.