ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Полицияға көмектескені үшін рақмет!

@dp_pavlodar Instagram парақшасының директіне Астана қаласының тұрғынынан алғыс айтқан бейнежазба келіп түсті. Әйел автопатруль экипажының Павлодар облысы қызметкерлеріне Мәдениет Жекенов пен Сайран Душимовқа жауаптылығы мен көрсеткен көмегі үшін алғысын білдіреді.
- Біз үйге бара жатқанда, тас жолда, Аққулы ауылының маңында көлігіміз сынып қалды. Жүргізуші көлікті өз бетінше істеуге тырысты, бірақ бәрі нәтижесіз болды. Сол кезде жанымыздан полицейлер өтіп бара жатты, олар Павлодар қаласының техникалық қызмет көрсету станциясына автокөлікті сүйреп апарды, онда шеберлер кәсіби көмек көрсетті және біз қайта жолға шықтық. Патрульдік полицейлерге уақытылы көмек көрсеткені үшін үлкен алғысымды білдіремін –дейді Елорда тұрғыны алғысын білдіріп.
Өз кезегінде Полиция департаментінің басшылығы полиция қызметкерлерінің қызметтік қызметіне оң баға бергені үшін ризашылығын білдіреді және ПД қызметтері мен бөлімшелері азаматтардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету үшін барынша күш салатынына сендіреді. Сондай-ақ, жүргізушілерге алыс сапарға шықпас бұрын көлігінің техникалық жағдайын тексеруді ұсынады.

Дата публикации
03 сентября 2024
Дата обновления
03 сентября 2024
Тип

Сейчас читают

10 сентября 2026
Рахмет, полиция!
07 сентября 2026
Кәсібилігі үшін алғыс
Ақпарат
03 сентября 2026
Кезекті аттестаттауға жататын Павлодар облысы Полиция Департаменті қызметкерледің тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы