ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Алғыс хат

Күн сайын Павлодар облысы полиция департаментінің директіне өңірдегі полиция қызметкерлеріне алғыс айтылады. Облыстық полиция ведомствосының бастығы Василий Склярдың атына Қарағанды облысының тұрғындарынан кезекті алғыс келіп түсті.

- Біз Ульяновтар мен Потаповтар отбасымыз. Рөлде өзін нашар сезініп көлік жүргізген досымызға Павлодар – Қарағанды тас жолында көрсеткен көмегі үшін Павлодар қаласының жол полициясы қызметкерлеріне шын жүректен алғысымызды білдіреміз. "Капитан" атағындағы екі полиция қызметкері бұл олардың "...күнделікті жұмыс және мұнда ерекше ештеңе жоқ" деп  өздерінің есімдері мен фамилияларын айтпады. Қызметкерлеріңіз үшін үлкен рақмет! Олардың кәсібилігі, жауаптылығы, көмек сұрауға тез жауап беруі бәрімізге үйге аман-есен жетуге көмектесті. Ульяновтар мен Потаповтар отбасы Сізге және Сіздің барлық ұжымыңызға шын жүректен денсаулық, шыдамдылық, төзімділік, күш, өсу, қиын жұмыста сәттілік, халықтың құрметін, әріптестеріңіздің қолдауын және жақын адамдарыңыздың түсіністігін  тілейміз.

Белгілі болғандай, жолда көмек көрсеткен қызметкерлер Павлодар облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері капитан Серік Сәрсенов пен капитан Арғын Қуанов болды.

Дата публикации
24 июля 2024
Дата обновления
24 июля 2024
Тип

Сейчас читают

10 сентября 2026
Рахмет, полиция!
07 сентября 2026
Кәсібилігі үшін алғыс
Ақпарат
03 сентября 2026
Кезекті аттестаттауға жататын Павлодар облысы Полиция Департаменті қызметкерледің тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы