ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Алғыс хат

Жоғалған  мал үйлеріне оралды.

Шаруа қожалықтарының бірінің басшысы жоғалған қойларды іздеуде көмек көрсетуді сұрап, өтінішпен Павлодар ауданының полиция бөліміне жүгінді. Көктөбе ауылының маңындағы жайылымнан 29 бас қой жоғалды. Үй жануарларының иесі іздеумен өзі айналысқан, бірақ іздестіру сәтсіз аяқталған соң ол полицияға жүгінді.

- Жоғалған малды іздеу үшін криминалдық полиция қызметкерлерінен жедел-іздестіру тобы құрылды. Полицейлер елді мекенді үй-үйді аралап, орман алқаптарын, жақын маңдағы мал айдау орындарын тексерді. Мұқият жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде барлық жоғалған қойлар Шарбақты ауданы Хмельницкое ауылының маңындағы дала аймағында табылды. Тексеру барысында мал иесі өз қойларын анықтады, - деді Бекзада Бөлежанов,  Павлодар аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары. Табылған мал заңды иесіне қайтарылды, ол көрсеткен көмек үшін полицейлерге ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары тұрғындарға, мал иелеріне өз мүлкін қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Дата публикации
19 июля 2024
Дата обновления
19 июля 2024
Тип

Сейчас читают

10 сентября 2026
Рахмет, полиция!
07 сентября 2026
Кәсібилігі үшін алғыс
Ақпарат
03 сентября 2026
Кезекті аттестаттауға жататын Павлодар облысы Полиция Департаменті қызметкерледің тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы