
Облыстық полиция ведомствосы басшысының атына Моңғолия азаматынан алғыс хат келіп түсті.
- Павлодар облысының көші-қон қызметінің қызметкері Азамат Елеутаевқа алғысымды білдіргім келеді. 24 маусымда мен полицияға хабарластым. Азамат менің мәселемді шешуге көмектесті. Мен Қандас мәртебесіне ие болдым және біз балаларға виза алу мәселесіне тап болдық. Азамат жас, бірақ өз ісінің өте сауатты маманы, сол күні менің барлық құжаттарымды заң бойынша рәсімдеді. Бізге өте тез көмектесті. Сондай-ақ, көші-қон қызметінің барлық қызметкерлеріне алғысымды білдіремін, оларға да тағзым етемін. Кіре берістен бастап вахтада қарсы алып, тыңдады, қажетті маманға жеткізді, жұмыс нақты және үйлесімді ұйымдастырылды. Мың мәрте рақмет!- деп жазады Моңғолия азаматы Дәуренбек Нұртуған.