
Instagram желісіндегі @dp_pavlodar парақшасына Павлодар қаласының тұрғыны Жұлдыз Сүлейменовадан алғыс хат келді.
- Қасиетті Рамазан айында көрсеткен қаржылай көмегі үшін Павлодар қаласының Солтүстік ПБ қызметкеріне, атап айтқанда, ЖПҚБ әйелдерді зорлық-змбылықтан қорғау тобының инспекторы Бақытжан Ескендірқызы Тұрсариноваға көптеген әйелдерге қамқорлық сезінуге көмектескен мейірімділігі мен жауаптылығы, түсіністігі үшін үлкен алғысымды білдіремін! Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінің қызметкерлеріне бақ-береке, денсаулық, бақыт және жұмыстарына табыс тілеймін!
Полиция басшылығынан осы қызметкерлерді мейірімді жүректері мен ізгі қызметі үшін марапаттауын сұраймын, делінген хабарламада.
Өз кезегінде полицейлер мұндай іс-шараларды өткізу полиция мен тұрғындар арасындағы тығыз қарым-қатынастың жақсы үлгісі болып табылатынын атап өтті. Тәртіп сақшылары кез келген қиын кезеңде мейірімділік пен адамгершіліктің жарқын үлгісін көрсете отырып, жалпы әл-ауқатты жақсартуға үлес қосуға дайын.