ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Тәртіп сақшылары бензині таусылған көлік жүргізушісіне көмектесті

Жағдай 2024 жылғы 22 ақпанда Павлодар-Қызылорда автожолында орын алды. Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері полиция капитаны Азат Қайырбеков пен аға лейтенант Дархан Тәуірбаев патрульдеу маршрутында болған кезде, жолда тоқтап тұрған көліктің жанына барды.

Жүргізуші инспекторларға бензині таусылып қалғандықтан көлікті жүргізе алмай тұрғанын айтты. Жол жиегінде тұрып, өтіп бара жатқан автокөлік жүргізушілерінен көмек сұраудан басқа ештеңе қалмады, - деді Ресей Федерациясының азаматы Таваров Ибрагим.

Тәртіп сақшылары азаматтың көлігін тросқа байлап, жақын маңдағы жанармай құю станциясына қызметтік көлікпен сүйретіп апаруға көмектесіп, патрульдік бағытқа оралды.

Азамат қызметкерлерге көрсеткен көмегі мен қамқорлығы үшін алғысын білдірді.

Павлодар облысының Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды өзара сыпайы болуға және әрқашан бір-біріне көмекке келуге шақырады.

 

Дата публикации
26 февраля 2024
Дата обновления
26 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

10 сентября 2026
Рахмет, полиция!
07 сентября 2026
Кәсібилігі үшін алғыс
Ақпарат
03 сентября 2026
Кезекті аттестаттауға жататын Павлодар облысы Полиция Департаменті қызметкерледің тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы