
Бұл күндері қатты аяз бен боран тұр. Тәртіп сақшылары тәулік бойы патрульдеу жүргізеді, әсіресе трассаларда.
Қызмет көрсетілетін аумақты патрульдеу кезінде Кемеңгер ауылының учаскелік уинспекторы Қанат Әбілдинов қар құрсауында қалған лимузинді тапты. Жүргізуші жаңа туған нәрестені анасымен бірге перзентханадан алып келе жатқанын, бірақ қарға кептеліп қалғанын түсіндірді.
Учаскелік инспектор көлікті қардан шығаруға көмектесті, сүйреткіш арқанды көлікке байлап, шығарып алып, үйіне дейін апарды. Көлік жүргізушісі және оның жолаушылары учаскелік полиция қызметкеріне алғыс білдірді.
- Сәби анасымен бірге үйілеріне аман - есен жетті, онда оларды туыстары қарсы алды, - деді полиция қызметкері.