ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметтер

Павлодар облысының ПД азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау саласында беру бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1.Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сауда, коллекциялау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялар;

2.Азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялар;

3.Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитке арналған қорытындылар;

4.Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға және алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар;

5.Азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдарды сатып алуға, сақтауға рұқсаттар;

6.Атыс тирлерін (атыс алаңдарын) және стендтерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттар.

Халықтың назарына!

Тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарында қарудың нақты түрін сатып алуға рұқсат алғаннан кейін 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары азаматтық қаруды сатып алуға құқылы.

Көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін заттармен жарақталған сигналдық қару, механикалық бүріккіштер, аэрозольдік және басқа да құрылғылар, тұмсық энергиясы 7,5 Дж аспайтын және калибрі қоса алғанда 4,5 мм дейінгі пневматикалық қару тіркеуге жатпайды және Қазақстан Республикасының азаматтары оларды өнім беруші заңды тұлғалардан рұқсат алмай сатып алуға құқылы, деді Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Азамат Исеев.

 

Дата публикации
16 февраля 2024
Дата обновления
16 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

10 сентября 2026
Рахмет, полиция!
07 сентября 2026
Кәсібилігі үшін алғыс
Ақпарат
03 сентября 2026
Кезекті аттестаттауға жататын Павлодар облысы Полиция Департаменті қызметкерледің тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы