ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Павлодар тұрғыны табылған телефоны үшін полицейге алғысын білдірді

Павлодар облысы Полиция департаментінің полиция қызметкерлеріне көрсетілген көмек үшін өңір тұрғындарынан алғыс хаттар келіп түсуде.

Instagram dp_pavlodar дайректісіне Павлодар қаласының тұрғыны Павлодар қаласы ПБ учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Жәнібек Қасымхановқа ұлының жоғалған ұялы телефонын іздегені үшін алғыс білдірген адамнан алғыс хат келіп түсті.

-ағымдағы жылғы 28 қаңтарда 10 жасар ұлы балаларға арналған ойын мекемелерінің бірінде телефонын терезе алдына қойып, ұмытып кеткен. Ол қайтып келгенде телефонды қойған жерінен таба алмай, қобалжыған ұлы әкесіне қоңырау шалды. Әкесі бірден учаскелік полицейге қоңырау шалды.

Жәнібек сол жерге келіп, жоғалған телефонды іздеу бойынша барлық шараларды қабылдады. Бейнебақылау камералары қарап шығып,  телефонды кім алғанын анықтады.

-Басқа адамдардың проблемаларына бей-жай қарамағаны, қырағылығы,  жеделдігі мен кәсібилігі үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Ұлымыздың әділдікке деген сенімі біздің учаскелік полицейдің арқасында мен үшін де, лайықты азаматты тәрбиелеуге тырысатын әке ретінде де нығайды-бұл өте маңызды, - деп атап өтті ризашылық білдірген әке.

- Жәнібек Қасымханов полицияда 20 жыл қызмет ететінін атап өткен жөн. Үш баланы тәрбиелеп отыр. Қызмет көрсетілетін аумақта учаске тұрғындардың проблемалары мен жағдайларына назар аудара отырып, жауапты қызметкер ретінде сипатталады.

Құрметті Ертіс өңірінің тұрғындары мен қонақтары, полиция қызметкерлерінің атынан Сіздердің әлеуметтік желілердегі жарияланымдарыңыз үшін және полиция қызметкерлерінің жұмысын жоғары бағалайтын Департаменттің мекен-жайына келген хаттар үшін алғыс айтамыз.

Дата публикации
31 января 2024
Дата обновления
31 января 2024
Тип

Сейчас читают

10 сентября 2026
Рахмет, полиция!
07 сентября 2026
Кәсібилігі үшін алғыс
Ақпарат
03 сентября 2026
Кезекті аттестаттауға жататын Павлодар облысы Полиция Департаменті қызметкерледің тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы