
68 жастағы әйел адам Екібастұз қаласы ПБ бастығы Қайыржан Шақарғалиевтің жеке қабылдауына келіп, Екібастұз қаласы 22 шағынауданының № 6 УПП қызмет көрсететін учаскелік полиция капитаны Серік Әбілғазының атына алғыс білдірді.
Зейнеткердің айтуы бойынша Серік Әбілғазы, оған ғана емес, олардың учаскесінде тұратын барлық азаматтарға түрлі жанжалды жағдайларды шешуге уақытылы көмек көрсетеді. Ол бірнеше рет арызымен учаскелік полиция пунктіне жүгінді, ал ол өз кезегінде әрдайым кеңес беріп, көмектеседі.
- Менің мәселемді шешуде өзінің лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Арызымды қабылдау барысында ол өзін кәсіпқой, заң саласының маманы ретінде көрсетті. Серік, әрқашан құрметпен қарайды. Мені осы жағдайда қалдырмағаны үшін рахмет. Маған зейнеткер ретінде, әйел ретінде, көршімнің әртүрлі қорлауы өте қиын болды. Осы қиын жағдайда көмектескеніне өте ризамын, сондықтан мен сіздің жеке қабылдауыңызға келдім, - деді ол.
Қала тұрғыны полиция қызметкеріне зор денсаулық және қиындығы мол қызметте сәттілік тіледі.