Павлодарлық тұрғын телефонды жедел тапқаны үшін полицейге алғысын білдірді
Павлодар облысы Полиция департаментінің басшылығына полиция қызметкерлерінің атына үнемі алғыстап келіп жатады. Кезекті алғыс хат Павлодар қаласының тұрғыны Т. Степановадан келіп түсті.
- Қысқа мерзім ішінде жоғалған телефонымды қайтарған Солтүстік полиция бөлімінің жедел уәкілі Бауыржан Төкеновке шын жүректен алғыс айтқым келеді. Осындай жауапты және еңбекқор полицейлер үшін зор рахмет, барлық полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, амандық және қиын қызметте табыс тілеймін, - деп алғыс жазды павлодарлық тұрғын.
Павлодар өңірінің полициясы тұрғындарға оң пікірлері үшін алғыс білдіреді. Кез келген объективті бағалау-полиция жұмысының тиімділігін арттыруға үлкен ынталандыру.