ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысы Полиция департаменті бос лауазымдардың орнын басу үшін конкурс жариялайды:

  1. Павлодар облысы Полиция департаменті Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының инспекторы (С-SVО-9) - 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35-тен аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, әскери қызметке жарамды деп танылған, білімі - жоғары. «Экономика» (050600), «Есепке алу және аудит» (050800), «Қаржы» (050900), «Әлемдік экономика (жоғары қаржы-экономикалық білімі)» (051300), «Математика» (060100), «Ұйымдастыру және еңбекті қалыптастыру» (051900) мамандықтары бойынша. Міндетті түрде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын,  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі және кәсіби іс-әрекетпен байланысты басқа да нормативтік-құқықтық актілерді білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білік-дағдылары.

Негізгі лауазымдық міндеттер: белгіленген мерзімдерде жарты жылдық және жылдық бухгалтерлік есептерді құрастыру, жылдық түгендеуді жүргізу, рационалдық құжат айналымын қамтамасыз ету, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

 

  1. Павлодар облысы Полиция департаменті автокөлік шаруашылығының технигі (С-SV-13) - 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жастан аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, орта, техникалық және кәсіби, арнайы орта білімі.

Негізгі лауазымдық міндеттері: белгіленген мерзімдерде жарты жылдық және жылдық бухгалтерлік есептерді құрастыру, жылдық түгендеуді жүргізу, рационалдық құжат айналымын қамтамасыз ету.

 

  1. Павлодар облысы Тереңкөл ауданы полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесі жол және техникалық инспекциясы тобының аға  мемлекеттік автоинспекторы (C-SVR-7) - 1 бірлік;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35-тен аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде ҚР Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша: «Көлік, көліктік техника және технология» (071300), «Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру» (090100), «Көлік құрылысы» (074500), Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Азаматтық қорғау туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдарды, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексін», Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, кәсіби қызметімен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу. Жүргізуші куәлігінің болуы. Осы санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білік-дағдылары. Сәйкес ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдыларының болуы.

Негізгі лауазымдық міндеттері: қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде төтенше немесе әскери жағдайларда.

 

  1. Павлодар қаласы Полиция басқармасы Оңтүстік полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-4) - 1  бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 35 жастан аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, әскери қызметке жарамдылығы, білімі жоғары, мамандығы бойынша: «заңтану»- 030100, «құқық қорғау қызметі»- 030300. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», Заңдары, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексін, кәсіби іс-әрекетпен байланысты басқа да нормативтік-құқықтық актілерді білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білік-дағдылары.

Негізгі лауазымдық міндеттер: қоғамдық тәртіпті күзету және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, соның ішінде әскери және төтенше жағдай шарасында. Ескерту, анықтау, жол бермеу және әкімшілік құқық бұзушылықтар, қылмыстарды ашу және тергеу, сондай-ақ құқық бұзушылықты алдын алу.

 

  1. Павлодар қаласы Полиция басқармасы Оңтүстік полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің тергеушісі (С-SVR-8, РБ) -1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 35 жастан аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, әскери қызметке жарамдылығы, білімі – жоғары, «Құқықтану» (030100), «Құқық қорғау қызметі» (030300), мамандықтары бойынша білім. Осы лауазымды басуға толық басымдылық құқығын беретін қосымша құзырет – Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңдарды, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін, кәсіптік қызметпен байланысты басқа да нормативтік-құқықтық актілерді білуі қажет. Осы санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерін атқару үшін осыған сәйкес қажетті білік-дағдылары және басқа да міндетті білімдері болуы тиіс.

Негізгі лауазымдық міндеттер: Қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу немесе сотқа дейінгі өндіріс нысанын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс-жүргізу кодексімен қарастырылған қылмыстық істерді қозғау, барлық тергеу іс-әрекеттерін орындау.

 

  1. Павлодар қаласы Полиция басқармасы Оңтүстік полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі (С-SVR-8, РБ) - 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 35 жастан аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, білімі жоғары, «Құқықтану» (030100), «Құқық қорғау қызметі» (030300) мамандықтары бойынша. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын, «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексін», «Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексін», Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін, кәсіби қызметпен байланысты басқа да нормативтік-құқықтық актілерді білу.

Негізгі лауазымдық міндеттер: қылмыстарды анықтау, ашу, қылмыстық қылмыскерлерді, із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру.

 

  1. Павлодар қаласы Полиция басқармасы Орталық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесі әкімшілік практика тобының инспекторы (C-SVR-8, ОБ) - 1 бірлік;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35-тен аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде ҚР Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша: «Көлік, көліктік техника және технология» (071300), «Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру» (090100), «Көлік құрылысы» (074500), Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Азаматтық қорғау туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдарды, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексін», Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, кәсіби қызметімен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу. Жүргізуші куәлігінің болуы. Осы санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білік-дағдылары. Сәйкес ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдыларының болуы.

Негізгі лауазымдық міндеттері: қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде төтенше немесе әскери жағдайларда.

 

  1. Павлодар қаласының Полиция басқармасы тұрақты мекенжайы мен құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-орналастыру орнының полицейі (С-SV-12) - 1  бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35-тен аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде ҚР Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, білімі - орта.

Негізгі лауазымдық міндеттері: әкімшілік қамауға алынып жеткізілген адамдарды тіркеуге және есепке алуды жүргізеді. Жеке тексеру жүргізіліп тилоскопирование және суретке түсіріледі.

 

  1. Павлодар қаласының Полиция басқармасы әкімшілік тәртіпте қамауға алынған адамдарға арналған арнайы қабылдау орнының полицейі (С-SV-12) - 1  бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35-тен аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде ҚР Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, білімі - орта.

Негізгі лауазымдық міндеттері: әкімшілік қамауға алынып жеткізілген адамдарды тіркеуге және есепке алуды жүргізеді. Жеке тексеру жүргізіліп тилоскопирование және суретке түсіріледі.

 

  1. Павлодар қаласы Полиция басқармасының жедел басқару орталығы кезекші бөлімінің «102» операторы (С-SV-13) - 2 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 35 жастан аспаған, міндетті түрде ҚР Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, білімі-орта, техникалық және кәсіби арнайы орта.

Негізгі лауазымдық міндеттер: қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде төтенше немесе әскери жағдайларда. Азаматтардың хабарламалары мен шағымдарын тәулік бойы қабылдау және тіркеу. 

 

  1. Павлодар қаласы Полиция басқармасы Солтүстік полиция бөлімі ақпараттандыру және байланыс тобының технигі (С-SV-13) - 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35-тен аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, білімі орта.

Негізгі лауазымдық міндеттер: Ішкі істер органдарының локалды есептеу жүйелерін құру, орнату және сүйемелдеу.

 

  1. Павлодар қаласы Полиция басқармасы тылдық қамтамасыз ету бөлімінің полицей-жүргізушісі  (С-SV-12) - 2  бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жастан аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде ҚР Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, орта, техникалық және кәсіби, арнайы орта білімі, Жүргізуші куәлігінің болуы.

Негізгі лауазымдық міндеттері: көлік құралын жүргізе білу, техникалық бұзылмаған автокөлік құралымен қамтамасыз ету. Қоғамдық тәртіп және жол қауіпсіздігін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде төтенше немесе әскери жағдайларында.

 

  1. Павлодар қаласы Полиция басқармасы Орталық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің кіші жедел уәкілі (С-SV-12) - 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 35 жастан аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде ҚР Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, білімі - орта.

Негізгі лауазымдық міндеттер: қылмыстарды анықтау, ашу, қылмыстық қылмыскерлерді, із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру.

 

  1. Павлодар қаласы Полиция басқармасы Оңтүстік полиция бөлімі  тылдық қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі  (С-SV-12) - 1  бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жастан аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде ҚР Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, орта, техникалық және кәсіби, арнайы орта білімі. Жүргізуші куәлігінің болуы.

Негізгі лауазымдық міндеттері: көлік құралын жүргізе білу, техникалық бұзылмаған автокөлік құралымен қамтамасыз ету. Қоғамдық тәртіп және жол қауіпсіздігін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде төтенше немесе әскери жағдайларында.

 

  1. Павлодар қаласы Полиция басқармасы ғимараттарды күзету жөніндегі тобының полицейі (С-SV-12) - 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35-тен аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде ҚР Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, білімі-орта.

Негізгі лауазымдық міндеттері: Әкімшілік ғимараттардағы өткізу тәртібін және қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

 

  1. Павлодар қаласы Полиция басқармасы құжаттамалық қамтамасыз ету тобының технигі (С-SV-13) - 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35-тен аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, білімі орта.

Негізгі лауазымдық міндеттері: кіріс және шығыс хаттарды түркейді.

 

  1. Павлодар қаласы Полиция басқармасы Оңтүстік полиция бөлімі кезекші болімінің кезекшесінің көмекшісі құжаттамалық қамтамасыз ету тобының технигі (С-SV-13) - 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35-тен аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, білімі орта.

Негізгі лауазымдық міндеттері: Дайындалып жатқан және жасалған қылмыстар, құқық бұзушылықтар мен оқиғалар туралы азаматтардың хабарламаларын тәулік бойы  қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Оқиғаның маңызды мәліметтерін, жедел жәрдем көлігін шақыру  қажеттілігін, қылмыскерлердің сипаттамасын, куәгерлердің  болуын анықтайды.

 

  1. Павлодар облысы Полиция департаменті Айдауылдау қызметі ротасының полицейі (С-SV-12) - 1 бірлік.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жасы 35-тен аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде ҚР Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, білімі-орта. Функционалдық міндеттері: айыпталушылар мен күдіктілерді тергеу амалдарын жүргізу үшін арнайы мекемелерге айдауылдауды, сот отырысы және стационарлық ем алу кезінде олардың күзетін жүзеге асырады.

 

 

  1. Шарбақты ауданы полиция бөлімі қылмыс жасауда күдіктілер мен айыпталушыларды уақытша қамауда ұстау изоляторының полицейі (С-SV-12) – 1 бірлік.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жасы 35-тен аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде ҚР Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, білімі-орта.

Функционалдық міндеттері: айыпталушылар мен күдіктілерді тергеу амалдарын жүргізу үшін арнайы мекемелерге айдауылдауды, сот отырысы және стационарлық ем алу кезінде олардың күзетін жүзеге асырады.

 

  1. Ақсу қаласы полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің тергеушісі (С-SVR-8, РБ) - 1 бірлік.

Конкурс қатысушысына қойылатын талаптар: 35 жасқа дейін, Қазақстан Республикасының азаматтығы,  әскери-дәрігерлік комиссия қызметке жарамды деп таныған, «Заңтану» (030100), «Құқық қорғау қызметі» (030300) мамандықтары бойынша жоғары білім. Білуі қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін», «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарды, кәсіби қызметпен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді. Осы санат бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті тиісті дағдылар мен басқа да міндетті білімдері болуы қажет.

Функционалдық міндеттері: қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді немесе жеңілдетілген сотқа дейінгі өндірісті жүзеге асыру, қылмыстық істерді қозғау, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодекспен көзделген барлық тергеу амалдарын орындау.

 

  1. Ақсу қаласы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесі табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы (С-SVR – 8, ОБ) - 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жастан аспаған, әскери-дәрігерлік комиссия қызметке жарамды деп таныған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, «Заңтану» (030100), «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» (073100) мамандықтары бойынша жоғары білім. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін», «Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік кодексін», «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарды, кәсіптік қызметпен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу қажет. қызметімен. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті тиісті дағдылар мен басқа да міндетті білім.

Функционалдық міндеттері: ҚР табиғат қорғау заңнамасын бұзушыларды анықтауға және жауапқа тартуға бағытталған басқа инспекциялаушы және бақылаушы қызметтермен, ішкі істер органдарының бөлімшелерімен, мүдделі мемлекеттік органдармен және жұртшылық өкілдерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізуге қатысу; халық арасында табиғат қорғау, ветеринариялық және санитариялық заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша осы үшін бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

 

  1. Ақсу қаласы полиция бөлімі күдіктілер мен айыпталушыларды уақытша қамауда ұстау изоляторының полицей-жүргізушісі (С-SV-12) - 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жасқа дейін, орта білім, жүргізуші куәлігі. Арнаулы орта, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде міндетті қызметі болғаны жөн.

Функционалдық міндеттері: бекітілген автомашинаның пайдалануға тұрақты дайындығын қамтамасыз етеді, автомашинаны жөндеуді жүзеге асырады, автомашинаның сыртқы және ішкі жай-күйін бақылайды.

 

  1. Ақсу қаласы полиция бөлімінің қылмыс жасауда күдіктілер мен айыпталушыларды уақытша қамауда ұстау изоляторының айдауылдау бөлімшесінің полицей-айдауылдаушысы (С-SV-12) - 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жасқа дейін, орта білім, жүргізуші куәлігі. Арнаулы орта, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде міндетті қызметі болғаны жөн.

Функционалдық міндеттері: бекітілген автомашинаның пайдалануға тұрақты дайындығын қамтамасыз етеді, автомашинаны жөндеуді жүзеге асырады, автомашинаның сыртқы және ішкі жай-күйін бақылайды.

 

  1. Павлодар облысы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы (С-SN-8) - 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 35 жастан аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, білімі жоғары, «Құқықтану» (030100), «Құқық қорғау қызметі» (030300), Халықаралық құқық (030200), Алғашқы әскери даярлық (010400), Дене шынықтыру және спорт (010800), Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс мамандықтары бойынша. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексін», Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, кәсіби қызметпен байланысты басқа да нормативтік-құқықтық актілерді білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білік-дағдылары.

Негізгі лауазымдық міндеттер: Көшелерде, алаңдарда, саябақтарда және басқа да қоғамдық орындарда, сондай-ақ қоғамдық-саяси, бұқаралық спорттық, мәдени-ойын-сауық шараларын өткізу кезінде құқық тәртібін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз қол сұғушылықтан қорғау, олар шағымданған жағдайда құқық бұзушылықтардың жолын кесу және құқық бұзушыларды ұстау, куәларды анықтау және оқиға орнын қорғау шараларын қолдану. Қылмыстардың және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, олардың жасалуына ықпал ететін мән-жайларды анықтау және өз құқықтары шегінде осы мән-жайларды жою жөнінде шаралар қабылдау. Терроризмге қарсы операцияны өткізуге қатысу, сондай-ақ қылмыскерлерді ұстауда жедел-іздестіру бөлімшелеріне көмек көрсету.

 

  1. Павлодар облысы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының полицей-жүргізушісі (С-SV-12***) - 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жастан аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, орта, техникалық және кәсіби, арнайы орта білімі. Жүргізуші куәлігінің болуы.

Негізгі лауазымдық міндеттері: көлік құралын жүргізе білу, техникалық бұзылмаған автокөлік құралымен қамтамасыз ету. Қоғамдық тәртіп және жол қауіпсіздігін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде төтенше немесе әскери жағдайларында. Қоғамдық тәртіп және жол қауіпсіздігін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде төтенше немесе әскери жағдайларында.

 

  1. Павлодар облысы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы кезекші бөлімі кезекшісінің көмекшісі (С-SV-12) - 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жастан аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, орта, техникалық және кәсіби, арнайы орта білімі. Жүргізуші куәлігінің болуы.

Негізгі лауазымдық міндеттері: тәулік бойы  жасалған құқық бұзушылықтар туралы азаматтардың шағымдарын қабылдайды.

 

  1. Павлодар қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны кавалериялық взводының полицей-кавалерисі (С-SV-12) - 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жастан аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, орта, техникалық және кәсіби, арнайы орта білімі. Жүргізуші куәлігінің болуы.

Негізгі лауазымдық міндеттері: Қоғамдық тәртіп және жол қауіпсіздігін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде төтенше немесе әскери жағдайларында.

 

  1. Павлодар қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны кинологиялық бөлімшесінің полицей-кинологі (С-SV-12) - 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жастан аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, орта, техникалық және кәсіби, арнайы орта білімі. Жүргізуші куәлігінің болуы.

Негізгі лауазымдық міндеттері: Қоғамдық тәртіп және жол қауіпсіздігін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде төтенше немесе әскери жағдайларында.

 

  1. Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының  қызмет инспекторы  (C-SSP-8) - 1  бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жастан аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, білімі жоғары, «Құқықтану» (030100), «Құқық қорғау қызметі» (030300), «Халықаралық құқық» (030200), «Көлік, көлік техникасы және технология» (071300), «Көлік тасымалы, қозғалысы және эксплуатацияны ұйымдастыру» (090100) немесе арнайы орта «Заңгер-кеңесші» (0201023), «Заңгер» (0202013) мамандықтары бойынша. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексін», Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, кәсіби қызметпен байланысты басқа да нормативтік-құқықтық актілерді білу. Жүргізуші куәлігінің болуы.

Негізгі лауазымдық міндеттері: қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін күзету, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, соның ішінде төтенше немесе әскери жағдайларда.

 

  1. Екібастұз қаласы Полиция басқармасы тылдық қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі (С-SV-12) - 1  бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жастан аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, орта, техникалық және кәсіби, арнайы орта білімі. Жүргізуші куәлігінің болуы.

Негізгі лауазымдық міндеттері: көлік құралын жүргізе білу, техникалық бұзылмаған автокөлік құралымен қамтамасыз ету. Қоғамдық тәртіп және жол қауіпсіздігін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде төтенше немесе әскери жағдайларында.

 

  1. Екібастұз қаласы Полиция басқармасы қылмыс жасауда күдіктілер мен айыпталушыларды қамауда уақытша ұстау изоляторының полицей-кезекшісі (С-SV-12) - 1  бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жастан аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, орта, техникалық және кәсіби, арнайы орта білімі.

Негізгі лауазымдық міндеттері: күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандары айдауылдау.

 

  1. Екібастұз қаласы Полиция басқармасы тылдық қамтамасыз ету бөлімшесінің қару-жарақ қоймасының меңгерушісі, әрі қару-жарақ шебері  (С-SV-12) - 1  бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жастан аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, орта, техникалық және кәсіби, арнайы орта білімі.

Негізгі лауазымдық міндеттері: оқ-дәрілер, қару-жарақтың техникалық жағдайына жауапты.

 

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар: белгіленген нысан бойынша өтініш, сауалнама, өз қолымен жазылған және қағаз бетінде басылған өмірбаян, кадр есебі бойынша жеке парақ, нотариалды куәландырылған білімі туралы құжаттарының көшірмелері, нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі (еңбек кітапшасы бар болса), нотариалды куәландырылған әскери билетінің көшірмесі, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі, соңғы жұмыс істеген орнынан (оқу орнынан) немесе әскери бөлімшесінен мінездеме, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен сотталмағаны жөніндегі анықтамасы, 3х4 см фотосурет (төрт дана), Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге тест өткені туралы сертификат, өкілетті органда жеке жеке қабілеттерін бағалауды өту туралы қорытынды, осы құжаттар бұқаралық ақпараттар құралдарында жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде Павлодар облысы ПД Кадр саясаты басқармасына ұсынылуы қажет.   

Қоса берілген құжаттар көрсетілген тізімімен, тезтікпеге салынған құжаттар қарастыруға қабылданады.

 

                                         

 

 

Дата публикации
27 июля 2023
Дата обновления
27 июля 2023
Тип

Сейчас читают

10 сентября 2026
Рахмет, полиция!
07 сентября 2026
Кәсібилігі үшін алғыс
Ақпарат
03 сентября 2026
Кезекті аттестаттауға жататын Павлодар облысы Полиция Департаменті қызметкерледің тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы