ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Ризашылығымды білдіремін

Екібастұз тұрғындарының Павлодар облысының полиция басшылығына полиция қызметкерлерінің атына алғыс хаттар үнемі келіп тұрады. Екібастұз қаласы полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шақарғалиевтың атына жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторы Талғат Қожамжаров пен криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Руслан Сүлейменовке алғысын білдірген Екібастұз қаласының тұрғыны Ерлан  Сәрсенбайұлынан алғыс хат келіп түсті.

Қала тұрғынының мүлкін, атап айтқанда бетон араластырғыштарды, арбаларды ұрлап кеткен.  Полицейлер үш күн бойы ұрланған мүлікті іздеп, оны қаланың оңтүстік  - Шанхай аулаларының бірінен тапты. Бетон араластырғыш тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

- Полиция қызметкерлеріне жеделдігі үшін алғысымды білдіргім келеді, 22 шағын ауданның учаскелік полиция инспекторы Талғат Уағызұлы мен  крминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Сүлейменов Русланның жұмысын атап өткім келеді, олар менің салынып жатқан учаскемнен ұрланған бетон араластырғышты тапты. Мен учаскелік инспекторға жүгіндім, ол бірден, ұрыларды іздей бастады. Шанхайдың бүкіл ауданын айналып өтіп, ұрлық жасаған көлікті жедел тапты. Осыдан кейін жедел уәкілмен бірге ұрлық жасаған адамды тез тауып, маған мүлкімді қайтарып берді. Бізде өз ісінің осындай мамандары жұмыс істейтініне қуаныштымын, - деп жазды екібастұздық өз алғыс хатында.

Дата публикации
05 июля 2023
Дата обновления
05 июля 2023
Тип

Сейчас читают

10 сентября 2026
Рахмет, полиция!
07 сентября 2026
Кәсібилігі үшін алғыс
Ақпарат
03 сентября 2026
Кезекті аттестаттауға жататын Павлодар облысы Полиция Департаменті қызметкерледің тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы