
Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Василий Склярдың атына Павлодар облысы Успен ауданының тұрғыны Юрий Владимирович Орловтан алғыс хат түсті.
- Қазақстан полициясы күні қарсаңында Павлодар облысы Полиция департаментінің жеке құрамын келе жатқан мерекемен құттықтағым келеді! Заң сақшыларына мықты денсаулық, отбасылық амандық, қауіпсіз жұмыс және тәртіп бұзушылар аз болуын тілеймін. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Данияр Халемовқа және Ертіс аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімінің аға тергеушісі Арман Жүсіпбаевқа менің ағам Орлов Денисті өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі жедел ашып, сотқа жібергені үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді - ауыл тұрғыны ризашылығын білдірді.